Контентке өту

Қазақстанда мемлекеттік қолдау шараларының арқасында су үнемдеу технологияларын енгізу қарқыны бес есе жеделдеді

Қазақстанда мемлекеттік қолдау шараларының арқасында су үнемдеу технологияларын енгізу қарқыны бес есе жеделдеді

Су ресурстары және ирригация министрлігі әзірлеген мемлекеттік қолдау шаралары су үнемдеу технологиялары қолданылатын алқаптардың жыл сайынғы өсімін 150 мың гектарға дейін жеткізуге мүмкіндік берді., деп хабарлайды baq-orda.kz ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап. 

Бұл Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес келеді. 2024 жылға дейін Қазақстанда заманауи суару жүйелерін енгізу қарқыны жылына орта есеппен 30 мың гектарды құраған.

Бүгінде республика бойынша су үнемдеу технологиялары қолданылатын жалпы аумақ 543,5 мың гектар.

Еске сала кетейік, заманауи суару жүйелерін енгізуді ынталандыру мақсатында ұңғыма бұрғылау, инфрақұрылым жүргізу және жабдық сатып алу шығындарын өтеу үлесі 50%-дан 80%-ға дейін ұлғайтылды.

Сондай-ақ суармалы суға сараланған тариф енгізілді. Алдағы үш жылда су үнемдеу жүйелерін пайдаланатын шаруалар үшін суармалы судың құнын субсидиялау көлемі 50%-дан 85%-ға дейін арттады.

Бұдан бөлек, 2026-2028 жылдарға су үнемдеу технологияларын енгізуді субсидиялауға бөлінетін қаражат бұған дейінгі үш жылмен салыстырғанда төрт есеге көбейтілді.

«2030 жылға қарай су үнемдеу жүйелері қолданылатын суармалы алқап көлемін 1,3 млн гектарға жеткізу жоспарланып отыр. Бұл технологиялар суару суын 30%-ға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар Су ресурстары және ирригация министрлігі су қорын қорғау және пайдалану саласындағы ең үздік қолжетімді технологиялар тізімін әзірледі. Оған озық суару жүйелері де енгізілген», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты