Құдалық барысында асаба жас жұбайлардың болашақ тұрмысы жайлы сұрақ қойып, оларды жеке отау етіп шығару жоспары бар-жоғын білмек болған. Осы сәтте сөз алған әнші отбасының өмір салтына байланысты ойын жеткізді, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Оның айтуынша, отбасы мүшелері жиі сапарда болады. Сол себепті бәрі бір дастарқан басына тек шетелге шыққанда немесе сирек сәттерде ғана жиналады. Ал жас жұбайлар да әр қалада жүретінін айтып, үйдің көбіне кездесу орны іспеттес болатынын меңзеген.
Алайда бұл жауап желі қолданушылары арасында түрлі пікір туғызды. Кейбірі әншінің ойын түсінбей, оның сөзін сынға алған. Пікірлер арасында “не айтқысы келгені түсініксіз”, “ойын нақты жеткізе алмады” деген секілді көзқарастар жиі жазылған.
Дегенмен, бірқатар оқырман керісінше, мұны қазіргі өнер адамдарының тығыз жұмыс кестесімен байланыстырып, қалыпты жағдай ретінде қабылдады. Осылайша, қарапайым құдалықтағы әңгіме әлеуметтік желіде кең талқыланған тақырыптардың біріне айналды.