Белгілі дизайнер Құралай Нұрқаділова көпшілікке беймәлім отбасылық жайттар туралы ашық айтып, жұрт назарын аудартты. Ол бұл туралы 2023 жылы Bilgen durys бағдарламасына берген сұхбатында бөліскен, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Дизайнердің айтуынша, әкесі — Заманбек Нұрқаділовтің екінші отбасымен арадағы қарым-қатынас әлі күнге дейін түзелмеген. Сонымен қатар, ол әкесімен ұзақ уақыт араласпағанын да жасырмады — шамамен 15 жыл бойы байланыс болмаған.
Құралай Нұрқаділова бұл кезеңнің өзіне ауыр тигенін айтып, әкесінің өліміне қатысты сұрақтар әлі күнге дейін толық жауапсыз екенін жеткізді. Оның сөзінше, қоғамда түрлі пікір айтылғанымен, нақты шындық ашылмаған.
Сұхбат барысында әкесінің жаназасына қатысты да мәселе қозғалды. Дизайнердің айтуынша, бұл сұрақты діни өкілдер өзара ақылдасып шешкен. Қоштасу рәсіміне көптеген танымал тұлғалар келгенімен, жерлеу кезінде тек өзі мен анасы ғана болған. Сол сәтте олар әкемен жеке қоштасуға мүмкіндік алғанын атап өтті.