Қазақстандық тележүргізуші Динара Сәтжан мен кәсіпкер Жұмабек Жанықұлтің арасындағы жылы қарым-қатынас тағы да көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды baq-orda.kz.
«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» күніне орай Жұмабек Жанықұл әлеуметтік желідегі парақшасында жұбайына деген сезімін білдіріп, әсерлі жазба жариялаған. Ол махаббаттың мәнін ерекше сипаттап:
«Шынайы махаббат — бұл тек сезім емес, ол сенім мен жауапкершілік», — деп жазды.
Ал Динара Сәтжан бұл күні сүйіктісінен ерекше сый алғанын жасырмады. Тележүргізуші күйеуінен қызыл раушан гүлін алғанын айтып, қуанышымен бөлісті. Бұл сәт желіде қызу талқыланып, көпшілік жұпқа жылы лебіздерін жаудырды.
Желі қолданушылары олардың қарым-қатынасына сүйсініп, «нағыз махаббаттың үлгісі», «жарасымды жұп» деген пікірлер қалдыруда. Көпшілік үшін бұл оқиға махаббат пен сыйластықтың әдемі көрінісіне айналды.
Айта кетейік, «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» күні — қазақ халқы үшін ғашықтар мерекесі саналады. Бұл күні жұптар бір-біріне сыйлық жасап, сезімдерін білдіріп жатады.