Контентке өту

"Сүйінші, ағайын! Көп нәрсе айтқым кеп тұр": Әнші Алтынай Жорабаева асыға күткен қуанышты хабарын жеткізді

"Сүйінші, ағайын! Көп нәрсе айтқым кеп тұр": Әнші Алтынай Жорабаева асыға күткен қуанышты хабарын жеткізді
ашық дерек

Танымал әнші Алтынай Жорабаева отбасындағы қуанышты жаңалығын бөлісіп, көпшілікті сүйсінтті. Өнер иесі қызының тұрмыс құруға дайындалып жатқанын айтып, болашақ құдаларымен танысып үлгергенін жеткізді, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Әнші әлеуметтік желіде әсерлі жазба қалдырып, ана жүрегіндегі қуанышын жасырмады. Оның айтуынша, бала қуанышы – ата-ана үшін ең үлкен бақыт:

«Балаңның әрбір қуанышы – ата-ана үшін мың есе қуаныш. Тәтті шай дастарханынан басталған таныстықта болашақ құдаларымызбен ақ көңіл, адал ниетпен бас қостық. Енді өміріміздің “құда-құдағи” кезеңі басталғалы тұр», – деп жазды ол.

Сонымен қатар, әнші оқырмандарынан ақ тілектерін аямауды сұрап, «балаларға айтылған әрбір жақсы тілек өздеріңізге еселеп қайтады» деп атап өтті.

Бұл жаңалық желі қолданушылары арасында жылы пікірлер мен ақжарма тілектердің көптеп жазылуына себеп болды. Көпшілік өнер иесінің отбасына бақыт тілеп, қуаныштарына ортақтасуда.

Айта кетейік, Алтынай Жорабаева – қазақ эстрадасында өзіндік орны бар, көптеген халықаралық және республикалық байқаулардың жеңімпазы атанған өнер иесі. Ол «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері әрі Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты