Әдемі Тұрсынбекқызы әлеуметтік желідегі парақшасында отбасылық мұрағаттан алынған ерекше кадрлармен бөлісіп, оқырмандарының ыстық ықыласына бөленді, деп хабарлайды baq-orda.kz.
ТикTok желісінде жарияланған видеода блогердің бала кезі, сондай-ақ ата-анасының жастық шағындағы суреттері көрсетілген. Желі қолданушылары әсіресе анасы Мөлдір Мұқанның сұлулығына ерекше назар аударған.
Көпшілік пікірлерінде:
«Анасы өте сұлу екен»,
«Әдемілік анасынан дарығаны көрініп тұр»,
«Нағыз қазақы сұлулық», – деген жазбалар қалдырған.
Сондай-ақ оқырмандар отбасының жарасымына тәнті болып, мұндай естелік видеолардың ерекше әсер сыйлайтынын айтқан.
Жарияланған кадрлар әлеуметтік желіде тез таралып, жылы пікірлерге толы талқылауға ұласты.