Әлеуметтік желіде қазақстандық рэпер Кисло-Сладкийдің (Дархан Жұмабек) Таиландта жоғалып кеткені туралы ақпарат кең тарады, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Бұған дейін интернетте оның Паттайя қаласында түсірілген видеосы жарияланған болатын. Кадрларда рэпердің көшеде жалаңаш күйде, ес-түссіз жүргені байқалады. Осы оқиғадан кейін оның қайда екені белгісіз болып, жанкүйерлері алаңдаушылық білдірген еді.
Кейінірек музыканттың Таиландтағы ауруханалардың бірінен табылғаны белгілі болды. Ақпаратқа сәйкес, оның нақты орналасқан жері туралы мәліметті жергілікті тұрғындар хабарлаған.
Қазіргі уақытта рэпер дәрігерлердің бақылауында. Әзірге оған келушілердің кіруіне шектеу қойылғаны айтылуда.
Алдын ала мәлімет бойынша, Дархан Жұмабек Таиландқа Пхукетте жаңа бейнебаян түсіру мақсатында барған. Алайда ол жоспарланған орынға жетпеген.
Оқиғаның мән-жайы мен рэпердің жағдайына қатысты қосымша ақпарат әзірге жарияланған жоқ.