Контентке өту

Таразда 1500-ден астам студентке полиция қызметінің мүмкіндіктері таныстырылды

Таразда 1500-ден астам студентке полиция қызметінің мүмкіндіктері таныстырылды

Тараз қаласында Жамбыл облысы Полиция департаменті «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің түлектеріне арналған ашық есік күнін өткізді. Іс-шараға 1500-ден астам студент қатысты, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Кездесуде полиция қызметінің ерекшеліктері, мансаптық мүмкіндіктері мен әлеуметтік кепілдіктері таныстырылды. Студенттер арнайы техника, криминалистикалық зертхана, қару-жарақ және қызметтік құралдардың көрмесін тамашалап, қылмыстарды ашуда қолданылатын заманауи технологиялармен танысты. Арнайы бөлімше қызметкерлері тактикалық дайындық элементтерін көрсетсе, кинологтар қызметтік иттердің дағдыларын паш етті.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Қайсар Сұлтанбаев жастарды қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіне белсенді атсалысуға шақырып, полиция қатарына білімді әрі жауапты мамандардың қажет екенін атап өтті.

Іс-шара барысында студенттерге полиция қызметіне қабылдаудың жаңа цифрлық мүмкіндіктері де таныстырылды. Атап айтқанда, qyzmet-police.kz порталы арқылы онлайн өтініш берудің тәртібі түсіндіріліп, қызметке орналасу жолдары бойынша кеңестер берілді.

Сондай-ақ Жамбыл облысы Полиция департаменті мен М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Университет басшылығы бұл серіктестік білікті мамандар даярлауға және жастардың кәсіби дамуына жаңа мүмкіндік ашатынын атап өтті.

Ашық есік күні студенттердің полиция қызметіне деген қызығушылығын арттырып, болашақ мамандық таңдауға бағыт-бағдар берген маңызды алаңға айналды.

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты