Контентке өту

Таразда тұрғындардың шағымынан кейін мейрамхана құрылысы уақытша тоқтатылды

Таразда тұрғындардың шағымынан кейін мейрамхана құрылысы уақытша тоқтатылды
ашық дерек

Тараз қаласында тұрғындардың наразылығын тудырған құрылыс нысанының жұмысы уақытша тоқтатылды. Қала әкімі Бақытжан Орынбеков Жамбыл даңғылы бойында орналасқан IRIS LUX қонақ үйі мен «Aulet» тұрғын үй кешенінің арасындағы құрылыс алаңына арнайы барып, жергілікті тұрғындармен кездесті, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Кездесу барысында тұрғындар көпқабатты тұрғын үйдің маңында салынып жатқан мейрамхана құрылысына қатысты алаңдаушылықтарын жеткізді. Олардың айтуынша, нысан тұрғын үйлерге тым жақын орналасқан және оның қауіпсіздігі мен заңдылығы жан-жақты тексерілуі тиіс.

Тексеру барысында құрылысқа қажетті рұқсат құжаттарының болғанына қарамастан, жобаны сараптамадан өткізу және құрылыс жүргізу тәртібіне қатысты заң талаптарының толық сақталмағаны анықталған.

Осыған байланысты қала әкімі барлық мән-жай толық зерттелгенге дейін құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатуды тапсырды.

Алдағы уақытта жауапты мемлекеттік органдар құрылыс жобасына қайта сараптама жүргізіп, оның қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестігін тексереді. Қорытынды шешім тексеру нәтижелері мен тұрғындардың пікірлері негізінде қабылданатын болады.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты