Контентке өту

Тойды онлайн көрсетпек: әншілердің қуанышы елді елең еткізді

Тойды онлайн көрсетпек: әншілердің қуанышы елді елең еткізді
ашық дерек

Қазақстандық танымал әншілер Жанболат Ербатыров пен Жазира Байырбекова отбасында қуанышты жаңалық орын алды. Өнерлі жұп ұлдары Қазыбекті үйлендіріп, келін түсірді, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Жас жігіттің таңдауы Асылы есімді аруға түскен. Осылайша, қос жас шаңырақ көтеріп, екі әулеттің қуанышын еселеді.

Жазира Байырбекова бұл қуанышты сәтті көпшілікпен бөлісуді жөн көрген. Оның айтуынша, көптің сұрауы бойынша тойдың бір бөлігі тікелей эфир арқылы көрсетіледі.

«Ең бақытты күнімізге бірге куә болыңыздар. Тікелей эфир ұйымдастырамыз. Әркім онлайн тамашалай алады», – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары жас жұбайларға ақ тілектерін жаудырып, бақытты ғұмыр тіледі. Ал өнерлі отбасының бұл қуанышы көпшілікке ерекше әсер қалдырды.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты