Контентке өту

Тоқаев Досаевты қызметінен босатты

Тоқаев Досаевты қызметінен босатты
ашық дерек

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ерболат Досаевты қызметінен босату туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Ақорданың мәліметінше, 2026 жылғы 25 наурызда шыққан құжатқа сәйкес, Ерболат Асқарбекұлы Досаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметінен босатылған.

Ерболат Досаев бұл қызметті шамамен 10 ай атқарған. Бұған дейін ол үш жыл бойы Алматы қаласының әкімі лауазымында жұмыс істеген болатын.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы тағы бір жарлықпен өзіне экономикалық мәселелер жөніндегі жаңа көмекшіні тағайындады. Бұл қызметке Нұрлан Байбазаров келді.

Қазіргі таңда кадрлық өзгерістердің нақты себептері ресми түрде жарияланған жоқ.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты