Контентке өту

Тоқаев мәдени-гуманитарлық ынтымақтастыққа ерекше мән берілетінін айтты

Тоқаев мәдени-гуманитарлық ынтымақтастыққа ерекше мән берілетінін айтты
ашық дерек

Қасым-Жомарт Тоқаев мәдени-гуманитарлық саладағы Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығы ерекше назар аударуға лайық екенін мәлімдеді, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Мемлекет басшысының айтуынша, жуырда Астанада өткен Ресей күндері қала тұрғындары мен қонақтарының ерекше ықыласына бөленген.

«Маңызды оқиғалар қатарында былтыр Астанада “Қазақстан мен Ресей мәңгі достығы аллеясы” және Мәскеуде Қазақстан мен Ресей достығы скверінің ашылуын айтуға болады», – деді Президент.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтетін үшінші «Болашақ ойындары» гуманитарлық байланыстарды, әсіресе жастар арасындағы ынтымақтастықты нығайта түсетінін атап өтті.

Президент Қазақстандағы «Сириус» жобасына да тоқталып, оның болашақ мамандарды даярлаудағы маңызын ерекше атады.

«Мұны қолдаймын, болашақ мамандарды даярлау үшін пайдасы зор деп санаймын», – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Президент Қазақстан мен Ресейдің көпжақты алаңдар аясындағы ықпалдастығына да мән берді.

«Екі ел “Орталық Азия – Ресей” форматында жемісті жұмыс атқарып жатқанына айрықша тоқталғым келеді. Аталған форматты бүкіл әлем Орталық Азияға назарын тігіп отырған уақытта күшейте түсуіміз қажет деп ойлаймын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы сапар қарсаңында жарияланған мақаласы үшін Владимир Путинге ризашылығын білдіріп, оның мазмұнды әрі қызықты болғанын айтты.

Президенттің сөзінше, аталған мақала қазақстандық қоғам тарапынан оң баға алған.

«Біз елдеріміз арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды нығайту бағытында әрі қарай жұмыс атқара береміз», – деп түйіндеді Мемлекет басшысы.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты