Контентке өту

Тоқаев пен Путинге Қазақстан-Ресейдің ірі өндірістік жобалары таныстырылды

Тоқаев пен Путинге Қазақстан-Ресейдің ірі өндірістік жобалары таныстырылды
ашық дерек

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путинне екі ел арасындағы сауда-экономикалық және өнеркәсіп кооперациясы саласындағы бірлескен жобалар таныстырылды, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Қазіргі таңда Қазақстанда 3,5 мың бірлескен кәсіпорын және ресейлік капиталы бар 17 мыңнан астам компания жұмыс істейді.

Мәліметке сәйкес, Қазақстан мен Ресей арасындағы өнеркәсіп кооперациясының портфелі жалпы құны 52,7 миллиард долларды құрайтын 177 бірлескен жобадан тұрады. Бұл жобалар аясында 60 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.

Бірлескен өндірістер металлургия, мұнай химиясы және машина жасау салаларында жүзеге асырылуда.

Атап айтқанда, Павлодар облысында теміржол саласына арналған бағыттама бұрмалары мен тұтас илектелген дөңгелектер өндіретін кәсіпорын жұмыс істеп тұр.

Ірі жобалардың бірі – Атырау облысындағы полипропилен өндірісі. Сонымен қатар Қарағанды облысында бірлескен шина зауыты, ал Қостанай облысында шойын құймаларынан жүк көліктерінің бөлшектерін шығару жобасы іске асырылған.

Қазіргі уақытта химия өнеркәсібі, құрылыс материалдарын өндіру және шикізатты өңдеу бағытында жалпы сомасы 10 миллиард доллар болатын 24 жоба жүзеге асырылып жатыр.

Аталған өндірістерді іске қосу нәтижесінде тағы 11 мың жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты