Контентке өту

Тоқаев төрт облыс әкімінің есебін тыңдап, нақты тапсырмалар берді

Тоқаев төрт облыс әкімінің есебін тыңдап, нақты тапсырмалар берді
ашық дерек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев телефон арқылы Атырау, Жамбыл, Маңғыстау және Ұлытау облыстарының әкімдерімен сөйлесіп, өңірлердегі әлеуметтік-экономикалық ахуал мен Президент тапсырмаларының орындалу барысын талқылады, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Облыс әкімдері Серік Шәпкенов, Ербол Қарашөкеев, Нұрдәулет Қилыбай және Дастан Рыспеков атқарылып жатқан жұмыстар мен негізгі көрсеткіштер жөнінде баяндама жасады.

Кездесу барысында Президент өңірлердің даму қарқынын арттыру үшін жаңа әрі тиімді тәсілдерді енгізудің маңыздылығына тоқталды. Мемлекет басшысы аймақтардың экономикалық әлеуетін күшейтуге және тұрғындарды толғандыратын әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған нақты шаралар қабылдауды тапсырды.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев өңір басшыларына экологиялық жағдайды тұрақты бақылауда ұстап, заң бұзушылықтар мен қылмыстық көріністерге қарсы күресті күшейту қажеттігін атап өтті.

Президент өңірлердің тұрақты дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттыру бағытындағы жұмыстардың сапалы орындалуы ерекше бақылауда болатынын жеткізді.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты