Қоғам назарында жүрген әзілкеш Тұрсынбек Қабатов тағы да әлеуметтік желі қолданушыларының қызу талқысына түсті, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Бұл жолы көпшіліктің назарын оның бірінші әйелі Мөлдір Мұқановамен бірге түскен ескі суреттерін Instagram парақшасына қайта жариялауы аударған.
Осыдан кейін желіде әзілкештің жеке өміріне қатысты түрлі болжамдар айтыла бастады.
«Тұрсынбек Мөлдірмен түскен фотоларын Instagram-ға шығарып қойыпты. Қуанып тұрмын. Не болды екен?» – деп жазды Threads қолданушысы.
Желі қолданушылары бұл жағдайға қатысты әртүрлі пікір білдірді. Бірі мұны жақсы белгіге балап, Мөлдір Мұқановаға қолдау білдірсе, енді бірі отбасы мен балалар тақырыбында өз ойларын ортаға салған.
Пікірлер арасында:
«Ат айналып қазығын табады»,
«Адасқанның айыбы жоқ»,
«Ешқашан біреудің отбасын бұзбаңыздар» деген жазбалар да кездескен.
Әзірге Тұрсынбек Қабатов бұл жағдайға қатысты ресми пікір білдірген жоқ.