Контентке өту

Тұрсынбек Қабатовтың мәлімдемесі желіде талқыға түсті

Тұрсынбек Қабатовтың мәлімдемесі желіде талқыға түсті
ашық дерек

Тұрсынбек Қабатов жуырда отандық телеарналардың біріне берген сұхбатында жеке өміріне қатысты пікір білдіріп, алғашқы жары Мөлдір Мұқанова туралы айтты. Өнер иесі оны қалың малсыз алғанын жасырмай, бүгінде бес бала тәрбиелеп отырғандарын және бақытты өмір сүріп жатқанын жеткізген, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Алайда бұл сөз қоғамда қызу талқыға түсті. Әлеуметтік желі қолданушыларының бір бөлігі әзілкештің пікірін қолдаса, енді бірі сынға алды. Кейбір пікір иелері отбасы мәселесінде тек бір тараптың атынан сөйлеу дұрыс емес екенін алға тартса, тағы біреулері ұзақ жылдар бойы сабыр сақтаған әйелдің еңбегін ерекше атап өткен жөн екенін жазған.

Сонымен қатар, желіде қалың мал мәселесіне қатысты да түрлі көзқарастар айтылды. Бір топ қолданушы қазақы дәстүрді алға тартып, қалың малдың болмауы әйелді бағаламау дегенді білдірмейтінін жеткізсе, енді бірі керісінше, дәстүрдің мәні мен жауапкершілігі сақталуы тиіс деген пікір білдірді.

Қоғамдағы бұл талқылау тек бір отбасының мәселесі ғана емес, жалпы отбасы құндылықтары, ер мен әйелдің жауапкершілігі және ұлттық дәстүрлердің қазіргі қоғамдағы орны туралы кеңірек ой қозғауға себеп болды.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты