Әлеуметтік желіде әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтің екінші жары Айман есімді келіншек қызымен көпшілікті таныстырды, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Желіде жарияланған жазбада бүлдіршін өзін таныстырып, оқырмандарға жылы үндеу жолдаған. Оның айтуынша, есімін әкесі Дін-Зухра деп қойған, ал қазіргі жасы – 6-да.
Кішкентай қыздың жазбасы желі қолданушыларының назарын бірден аударды. Көпшілік пікір қалдырып, бүлдіршінге жылы лебіздерін білдірді.
Сонымен қатар, оқырмандар қыздың келбетін Мөлдір Мұқанованың қыздарымен салыстырып, балалардың бір-біріне қатты ұқсайтынын атап өткен.
Желіде бұл жағдай қызу талқыланып, қолданушылар түрлі пікір білдіруде. Бірі ұқсастыққа таңғалса, енді бірі отбасы тақырыбын сөз етіп, өз ойларын ортаға салған.