Контентке өту

Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті

Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті

Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы ұйымдастырылды. Жиында отбасы құндылықтары мен қоғамдық келісімді нығайту және өңірлік жобаларды жүзеге асыру мәселелері қаралды.

Отырыс барысында алдағы жұмыстың негізгі бағыттары айқындалып, отбасын қолдау, өскелең ұрпақ тәрбиесі және қоғамдық бастамаларды дамыту мәселелері сөз болды.

Бүгінде өңірде 38 Аналар кеңесі жұмыс істейді. Олардың жұмысы «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» және «Салауатты сана» жобалары негізінде отбасы институтын нығайту, жас ұрпақ тәрбиесі мен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру бағыттарын қамтиды.

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты