Контентке өту

Жамбыл облысында жалғыз оқушысы қалған мектеп жабылды

Жамбыл облысында жалғыз оқушысы қалған мектеп жабылды
ашық дерек

Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында ерекше жағдай тіркелді. Қашқантеңіз стансасындағы бастауыш мектепте бір ғана оқушы қалғандықтан, білім беру мекемесі жабылды, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, жалғыз оқушы Қарағанды облысындағы Сарышаған стансасының мектебіне ауыстырылған.

Жалпы 2025–2026 оқу жылында Мойынқұм ауданында 23 мектеп жұмыс істеді. Онда 5 мыңнан астам оқушы білім алуда.

Сонымен қатар аудандағы білім беру нысандарының жай-күйі өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Өңірдегі апатты деп танылған екі мектептің бірі Мойынқұм ауданында орналасқан.

2025 жылы Құшаман ауылындағы Амангелді атындағы орта мектеп пен шағын орталықтың ғимараты жабылып, оқушылар уақытша ауылдық округ әкімдігі ғимаратына орналастырылды.

Қазіргі таңда Құшаман ауылында жаңа мектеп салу жобасы әзірленіп жатыр. Облыстық құрылыс басқармасы 80 орындық мектептің жобалық-сметалық құжаттамасын дайындаған.

Жобаның жалпы құны 1,7 миллиард теңгені құрайды. Осы жылдың мамыр айында облыстық бюджеттен құрылыс жұмыстарына 800 миллион теңге бөлінген. Жақын арада жаңа мектептің құрылысы басталады деп жоспарлануда.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты