Контентке өту

Жамбылда шенеунік жұмыс кабинетінде ұсталды

Жамбылда шенеунік жұмыс кабинетінде ұсталды
ашық дерек

Жергілікті дереккөздердің мәліметінше, облыс әкімдігіне қарасты жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Еркін Келесов жұмыс орнынан құқық қорғау органдарының қызметкерлері тарапынан алып кетілген. Оқиға оның қызметтік кабинетінде болған, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Ақпаратқа сәйкес, операцияға Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері мен өзге де құрылым қызметкерлері қатысқан. Осыдан кейін шенеуніктің жұмыс бөлмесі мөрленіп, ішке кіруге уақытша шектеу қойылған.

Әзірге бұл жағдайға байланысты ресми түсініктеме берілген жоқ. Құзырлы органдар да оқиғаның мән-жайын жарияламады.

Айта кетейік, Еркін Келесов аталған қызметке 2023 жылдың соңында тағайындалған. Бұған дейін ол облыстық деңгейде мемлекеттік сатып алу саласында жетекшілік қызмет атқарған.

Оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты