Кез келген реформа ең алдымен адамның санасынан басталады. Жаңадан құралған Құрылтайдың бүгінгі басты міндеттерінің бірі – ұлттың жаңа сапасы мен жаңа қоғамдық этиканы қалыптастыру.
Құрылтай ұсынған басты құндылықтар:
«Адал азамат» тұжырымдамасы: Еңбекқорлық, адалдық, кәсібилік пен отаншылдықты әрбір азаматтың өмірлік ұстанымына айналдыру.
«Заң мен тәртіп» принципі: Қоғамда заң бұзушылыққа «нөлдік төзімділік» қалыптастыру. Көше тазалығынан бастап, мемлекеттік деңгейдегі заңдылықтың сақталуы – ел тұрақтылығының кепілі.
Білім мен ғылымды трендке айналдыру: Қоғамда даңғазалық пен ысырапшылдықты емес, білімді, ғылымды, еңбек адамын ұлықтау.
бұл біздің ментальді жаңғыруымыз бен болашаққа бағдаршамыз!