Контентке өту

Жанар Айжанова екінші рет тұрмыс құрғанын алғаш рет айтты: «20 жыл бірге өмір сүрдік»

Жанар Айжанова екінші рет тұрмыс құрғанын алғаш рет айтты: «20 жыл бірге өмір сүрдік»
ашық дерек

Қазақстандық әнші Жанар Айжанова жұбайынан айырылғаннан кейін екінші рет тұрмыс құрғанын және бұл некесі 20 жылдан соң аяқталғанын алғаш рет ашық айтты. Бұл туралы өнер иесі «Momsкий әңгіме» YouTube арнасына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Әншінің айтуынша, алғашқы жары өмірден өткеннен кейін қайтадан отбасы құрып, балалы болуды армандаған. Ол қызы Айжұлдыз Адайбекова жалғыз өспесе екен деген ниетпен тағы бір сәби сүюді қалағанын жасырмады.

«Негізі, ізін суытпай тұрмысқа шыққан дұрыс екен. Айжұлдыздан кейін қыз болсын, ұл болсын, жалғыз болмаса екен деп көп үміттендім. Бірақ бұйырмаған нәрсеге өкпелей алмайсың», – деді әнші.

Сұхбат барысында өнер иесі екінші некесінің не себепті аяқталғанын да түсіндірді. Оның сөзінше, ортақ баланың болмауы ерлі-зайыптылардың айырылысу туралы шешім қабылдауына әсер еткен.

«Екінші некеде 20 жыл бірге өмір сүрдік. Айжұлдыз тұрмысқа шыққаннан кейін екі жаққа кетуді жөн көрдік. Арамызда ортақ перзент болған жоқ. Айжұлдыз – оның туған қызы емес. Бала болмаса, қоғам көбіне әйелді кінәлайды. Сондықтан ешкімнің обалына қалмайын деп, осы шешімді қабылдадық. Қазір де оның өз баласы болғанын шын жүректен тілеймін», – деді Жанар Айжанова.

Әншінің бұл мәлімдемесі әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, көпшілік оның өміріндегі осы уақытқа дейін көпшілікке беймәлім болған кезеңіне қатысты түрлі пікір білдіруде.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты