Контентке өту

Жанболат пен Жазира ұлын үйлендірді: қалыңмал көлемі қызу талқыға түсті

Жанболат пен Жазира ұлын үйлендірді: қалыңмал көлемі қызу талқыға түсті
ашық дерек

Қазақ эстрадасындағы танымал жұп Жанболат пен Жазира жақында жалғыз ұлдары Қазбекті үйлендіріп, келін түсірді. Қуанышты сәт көпшіліктің назарын аударғанымен, әлеуметтік желі қолданушылары тойдың сән-салтанатынан бұрын қалыңмалдың көлемін қызу талқылауға кірісті, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Желіде тараған бейнежазбалардан құдаларға қалыңмал ретінде 10 миллион теңге және дәстүрлі кәде-сыйға қосымша 300 мың теңге берілгені байқалады. Бұл жағдай көпшілік арасында түрлі пікір туғызды.

Пікір білдірушілердің бір бөлігі жас жұбайларға ақ тілегін арнап, бақыт тілесе, енді бірі қалыңмал мөлшерін жоғары немесе керісінше орынды деп бағалаған. Кейбір қолданушылар өз тәжірибесімен бөлісіп, бұрын берілген қалыңмал көлемімен салыстырып та жатыр.

Айта кетейік, жуырда ғана Қазбек пен оның қалыңдығы Асылының сырға салу рәсімі өткен болатын. Осы арқылы өнер иелері әнші Кенжебек Жанәбіловпен құда атанған еді.

Белгілі болғандай, Асылы шетелде білім алып жүрген. Қазбектің айтуынша, олар дәл сол жақта танысқан. Қазіргі таңда қалыңдық оқуын Қазақстанда жалғастыруға шешім қабылдаған.

Сондай-ақ жас жұбайлар ата-анасымен бірге тұруды жоспарлап отыр. Олар бөлек шығу немесе шетелге қоныс аудару мәселесін қарастырмағандарын жеткізді.

Осылайша, ел назарын аударған той тек қуанышымен ғана емес, ұлттық дәстүр аясындағы қалыңмал мәселесін тағы бір мәрте қоғамдық талқыға шығарды.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты