Қазақстандық актриса Жанель Мақажан әлеуметтік желідегі жаңа жарияланымымен көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Актриса бөліскен бейнежазбада оның хиджабсыз көрінуі желі қолданушылары арасында қызу талқылана бастады. Оқырмандардың бір бөлігі оның жаңа образын сөз етсе, енді бірі жеке таңдауына құрметпен қарау керектігін жазған.
Жанель Мақажан видеомен бірге жаңа қызмет түрін қолға алғанын да хабарлады. Оның айтуынша, қазіргі уақытта той жүргізу және ұзату рәсімдерін ұйымдастыру бағытында қызмет көрсетеді.
Актриса оқырмандарын қуанышты күндерінде бірге жұмыс істеуге шақырып, байланыс ақпаратын жариялаған.
Жарияланған видео әлеуметтік желіде кең таралып, желі қолданушыларының түрлі пікірлерін тудырды.