Контентке өту

“Түсірілімнен кейін зорлады” - актер ауыр шындықты жайып салды

“Түсірілімнен кейін зорлады” - актер ауыр шындықты жайып салды
ашық дерек

Көпшілік Нұрғали Нұғыман есімін Жат фильмі арқылы жақсы таниды. Алайда актердің айтуынша, оның бала күнгі өмірінде көпшілік біле бермейтін ауыр оқиға болған. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі видеоүндеуінде ашық айтты, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Нұрғали Нұғыманның сөзінше, ол кино және телевидение саласына жастайынан араласқан. Түрлі кастингтерге қатысып, алғашында массовкаларда, кейін екінші пландағы рөлдерде көріне бастаған. Уақыт өте келе балаларға арналған жобаларға жиі шақырылып, телевизия ортасына жақындай түскен.

Актердің айтуынша, сол кезеңде оған туыс ағаларының бірі қамқорлық танытқан. Аталған адам балалар жобаларымен және телевизия саласымен байланысты болған. Нұрғалидың сөзінше, ол өзін қолдап, басты рөлдерге шығуына көмектесетінін айтып жүрген

«Маған туған баласындай қарайтынын айтатын», – дейді актер.

Нұрғали Нұғыманның айтуынша, бір күні түсірілімнен кейін туысы оны үйіне жеткізіп тастайтынын айтып, өз кабинетіне алып барған. Сол жерде актердің сөзінше, оған сексуалдық сипаттағы зорлық жасалған.

Продюсер өзінің жасаған әрекетінен кейін Нұрғалиге бұл туралы ешкімге айтпауын талап етіп, қорқытқан. «Егер біреуге айтсаң, жолыңды кесемін, көзіңді құртамын» деп ескерткенін актер видеоүндеуінде айтты.

Нұрғали Нұғыман ұзақ уақыт бойы бұл жағдай туралы ешкімге айтпағанын жеткізді. Оның сөзінше, бала кезде қорқыныш пен сенімсіздік салдарынан үнсіз қалуға мәжбүр болған.

Оқиғаның қалай аяқталғаны туралы Нұрғали өз парақшасында «жалғасы болады» деп жазды.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты