Қазақстандық әнші Жазира Байырбекованың жаңадан құда түскен құдағиы әлеуметтік желі қолданушыларының қызу талқысына түсті, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Желіде тараған видеодан кейін көпшілік көпбалалы ана — Лиза Ахматованың сымбаты мен келбетіне ерекше назар аударған. Пікір жазғандардың басым бөлігі оның жас көрінетініне таңданысын білдіріп, сырт келбетін жоғары бағалауда.
Кейбір қолданушылар құдағидың ажарын әнші Жазира Байырбековамен салыстырып та үлгерген. Олардың пікірінше, Лиза Ахматова жастығына қарамастан өте тартымды әрі көрікті көрінеді.
Желіде:
-«Құдағи өте сұлу екен, жеті баланың анасы деп ешкім айтпайды»,
- «Жап-жас көрінеді»,
- «Жылдың ең сұлу құдағиы»,
- «Сұлулығында шек жоқ»
деген секілді пікірлер жиі жазылып жатыр.
Қазіргі таңда видео әлеуметтік желілерде кең таралып, қолданушылар тарапынан оң бағасын алып келеді.