Қазіргі таңда екі бала да ауыр халде аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер олардың өмірін сақтап қалу үшін қажетті медициналық көмекті көрсетуде.
Тергеу мәліметінше, күдікті әйелдің денсаулығына қатысты шағымдары болған, басының жиі ауыратыны айтылған. Сондай-ақ күйеуінің де психиатриялық есепте тұрғаны белгілі болды.
Аталған дерек бойынша құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғап, барлық мән-жайды анықтап жатыр. Күдікті әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Оқиғаның нақты себептері мен жағдайлары тергеу барысында белгілі болады. Құзырлы органдар тұрғындарды тек ресми ақпаратқа сенуге шақырады.