Контентке өту

«Жоқшылықтың не екенін сол кезде түсіндім»: Айгүл Иманбаева алғашқы ажырасуы туралы айтты

«Жоқшылықтың не екенін сол кезде түсіндім»: Айгүл Иманбаева алғашқы ажырасуы туралы айтты
ашық дерек

Қазақстандық актриса әрі әнші Айгүл Иманбаева өміріндегі ең ауыр кезеңдердің бірі алғашқы ажырасуымен байланысты болғанын айтты., деп хабарлайды baq-orda.kz.

Өнер иесі бұл туралы сұхбат барысында айтып, 22 жасында үлкен өмірлік сынақты бастан өткергенін еске алды.

«Жасым 22-ге толған кезім бе, толмаған кезім бе, нақты есімде жоқ. Университетті бітіргеннен кейін күйеуіммен ажырасып кеттім. Алты-жеті айлық сәбиімді алып, анамның үйіне қайтып бардым», – деді актриса.

Айгүл Иманбаеваның айтуынша, балалық шағы мен жастық кезеңі қиындықсыз өткен. Алайда ажырасудан кейін бұрын-соңды көрмеген тұрмыстық қиындықтарға тап болған.

«Былай айтқанда тоқшылықта өстік. Еркелеп, аяқты алшысынан басып жүрген Айгүл жоқшылық күйге түсті. Сол кезде өмірдің басқа қырын көрдім», – деді ол.

Өнер иесі сол кезеңнің өзіне үлкен сабақ болғанын атап өтті. Оның сөзінше, қиындықтар өмірге деген көзқарасын өзгертіп, шыңдай түскен.

«Адаспаймын деп жүріп адастым. Бірақ сол адасу арқылы өз жолымды таптым. Аштық пен тоқтықтың, баршылық пен жоқшылықтың қадірін сол кезде түсіндім. Бұл өмірімдегі үлкен сабақтардың бірі болды», – деді Айгүл Иманбаева.

Актриса бүгінде сол қиындықтардың өзін мықты әрі төзімді адам ретінде қалыптастырғанын айтады.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты