Контентке өту

Журналист Әлия Әшім «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

Журналист Әлия Әшім «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды
ашық дерек

Ақордада мәдениет және өнер саласы қызметкерлерін марапаттауға арналған салтанатты рәсім өтті. Іс-шара барысында ел руханияты мен ақпарат саласының дамуына үлес қосып жүрген бірқатар азамат мемлекеттік наградаға ие болды, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Марапат иелерінің қатарында журналист Әлия Әшім де бар. Ол кәсіби қызметі мен қоғамдағы белсенді еңбегі үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Мемлекеттік награданы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев табыстады. Мемлекет басшысы өз сөзінде елдің мәдениеті мен ақпарат кеңістігінің дамуына үлес қосып жүрген азаматтардың еңбегі әрдайым жоғары бағаланатынын атап өтті.

Әлеуметтік желі қолданушылары журналисті марапатымен құттықтап, шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілеуде.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты