БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Қытайдың бес зымыраны Жапонияға түсті

Қытайдың бес зымыраны Жапонияға түсті
caption
Қытайдың бес зымыраны Жапонияға түсті
Қытайдың АҚШ Конресі өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің Тайваньға сапарына наразылық ретінде бастаған әскери жаттығулары кезінде бес баллистикалық зымыраны Жапонияның ерекше экономикалық аймағына түсті. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады. Осы оқиғаға байланысты Жапония дипломатиялық жолмен Қытайға наразылық білдірді. Қазір Жапонияда Нэнси Пелоси ресми сапармен жүр. Ол осында Жапония премьер-министрі Фумио Кисидамен кездесуден кейін Тайваньға сапары аралдың аймақтағы кво-статусын өзгертуге байланысты болмағанын айтып, ҚХР-дың Тайбэйге сапарына қатысты туындаған айыптауларына жауап берді. Біз Азияға жолға шығар алдында талай рет Тайваньның аймақтағы кво-статусы өзгермейтінін айттық. Оған құлақ асқан ешкім болмады. Қытайдың мінезі ауыр. Олар бәрін тура мағынада түсінеді, –  деді ол. Мемлекеттік хатшы Энтони Блинкен де Оңтүстік-Шығыс Азия елдері қауымдастығының (АСЕАН) саммитінде АҚШ Тайваньның кво-статусын өзгертуге қарсы екенін айтып, Құрама Штаттардың Тайваньға қатысты саясаты ешқашан өзгермегенін ескертті.
BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар