БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Қазақстанда өлім-жітім 9,6%-ға азайды

Қазақстанда өлім-жітім 9,6%-ға азайды
caption
Қазақстанда өлім-жітім 9,6%-ға азайды
Қазақстан адам өлімінің көрсеткіші бойынша 225 елдің ішінде 85-орында тұр. «Қазақстан 2022 жылы өлім-жітім деңгейінің рейтингінде 225 елдің ішінен 85-орынға тұрақтады. Бұл шама 1 000 адамға шаққандағы өлім көрсеткіші бойынша түзілген. Қазақстан коэффиценті 8,11 болып тіркелді. Тізімнің ең басында Сербия, Румыния, Литва тұрса, ең аз көрсеткіш Катарға тиесілі», - делінген сараптамада. Бірінші жартыжылдықта Қазақстанда 69,2 мың адам қайтыс болған. Бұл – былтырғы мөлшерден 9,6% аз. «Өңірлер арасында Алматы облысында өлім-жітім көп тіркелді – 7,4 мың адам. Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан мен Қарағанды облыстарында өлім-жітім өзге өңірлерге қарағанда көп. Өлім-жітім ең аз тіркелген өңір – Маңғыстау (1,5 мың адам)», - деп жазады Ranking.kz. Ресми дерек бойынша, елдегі өлім-жітімнің ең жиі кездесетін себебі – қан айналым жүйесінің аурулары, бұл дерттен 15,6 мың адам көз жұмған», - делінген материалда.
BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар