
Үсік жүреді: 2 қазанға арналған ауа райы болжамы
Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, 2 қазанда Қазақстан аумағының басым бөлігіне антициклон сілемі әсер етеді. Осыған байланысты ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Синоптиктердің мәліметіне сүйенсек, тек оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, шығыста, елдің орталығында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауады. Ал оңтүстік – шығыстың таулы аймақтарында қар аралас жауын жауады. Республика бойынша тұман түседі, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, күндіз елдің орталығында екпінді жел соғады, күндіз орталықта бұршақ жауады.
Түнде Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, Қостанай, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Абай облысының батысында 1-2 градус үсік жүреді.
Түркістан, Орталық, Шығыс, Қызылорда облыстарында төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл, Қарағанды облысының оңтүстігінде және Ұлытау облысында, Маңғыстау облысының орталығында өрт қаупі жоғары. Келесі мақала
Қазақстанда алкогольсіз сусындар өндірісі артты
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Нұрсұлтан Жақсыген бұрынғы жарына жазған хаты желіні шулатты
- авторBAQ-Orda
- 26 ақпан, 2025
Жаңалықтар
"Әлі 5 бала туамын!" Сабина Алтынбекова аналық бақыт туралы айтты
- авторBAQ-Orda
- 26 ақпан, 2025