Жаңалықтар
Қаңтар оқиғасы кезінде оққа ұшқан 4 жасар Айкөркемнің өлімі: сот әскери қызметкерді ақтады
- author BAQ-Orda
- 16 қараша, 2023
- 1.6k
Қаңтар оқиғасы кезінде оққа ұшқан 4 жасар Айкөркемнің өлімі: сот әскери қызметкерді ақтады
Қаңтар оқиғасы кезіндегі 4 жасар қыздың өліміне қатысты іс бойынша сот шешім шығарды. Әскери қызметкер Арман Жұман ақталды. 15 қарашада Алматы гарнизоны әскери соты Қаңтарда оққа ұшқан 4 жасар Айкөркемнің өліміне байланысты айыпталушы әскери Арман Жұманды ақтады. Бұған дейін прокурор айыпталушыны 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Айыпталушы Арман Жұман «Билікті асыра пайдалану» (451-бап, 2-бөлігі 1-тармағы) бабы бойынша айыпталған.
Соттың қандай негізбен ақтағанын әзірге білмейміз. Үкім мәтінін жақын күндері аламын. Апелляциялық шағым түсіреміз, - деді адвокат Жан Күнсеркин.Сондай-ақ ол қайтыс болған қыздың әкесіне қатысты сот оны Қылмыстық кодекстің 119-бабы бойынша (Қауіпті жағдайда қалдыру) жауапкершілікке тарту туралы жеке қаулы шығарғанын айтты.
Келесі мақала