Қазіргі таңда Тараз қаласында ЖК «Козин А.А», ЖК «Бидай нан», ЖК «Касымов М.», ЖК «Ким В.В.», ЖК «Шермухамедов В.»,ЖК «Кучуков», «Надыров Р.Б» ЖШС және «Тараз нан зауыты» ЖШС сынды 8 наубайхана жұмыс істейді. Ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап наубайханаларға “Тараз ӘКК” АҚ-нан дотациялық ұн беру тоқтатылды. Соған байланысты наубайханалар нан бағасы қымбаттату жөнінде Жамбыл облысы әкімінің орынбасарына ұсыныс жасаған еді.
“Осы ретте атап өтерлігі, Тараздағы «Дәмді себет», «Фиркан», «Магнум», «Нурислам», «Small» сауда желілері, «Үй жанындағы» 68 дүкенде және 16 әлеуметтік дүкенде нанның бағасы 100 теңгеден саудаланатын болады. Бұл жағдайға қала тұрғындарының түсіністік танытуын сұраймыз” деп хабарлайды Тараз қаласы әкімдігі.Жүргізілген келіссөздер нәтижесінде дүкендерге нан бағасын 120 теңгеден өткізу келісілді. Осылайша ағымдағы жылдың 2 ақпанынан бастап наубайханалардан нан 105 теңгеден жіберілсе, тасымалдаушылардың қызметі 11-12 теңге (дүкеннің орналасқан қашықтығына байланысты), сауда нүктелері 3 теңге қосып, дүкендерде сату бағасы 120 теңгені құрайды.