Жаңалықтар
Отандық киноиндустрияны дамытып жүрген продюсер Гүлнұр Мамасарипованың жуырда жарық көретін киносына қызы Сара Амангелді түспейді.
- author BAQ-Orda
- 16 ақпан, 2024
- 223
Отандық киноиндустрияны дамытып жүрген продюсер Гүлнұр Мамасарипованың жуырда жарық көретін киносына қызы Сара Амангелді түспейді.
Кинопродюсер көктемге таяу “Біз екеуміз” атты фильмді жарыққа шығармақ. Басты рөлді сомдайтын әртістер кастинг арқылы өткен көрінеді.
“Басты рөлді сомдайтын актерлар – Гүлназ Жоланова, Шерхан Пірназар, Дәурен Серғазин. Сара бұл фильмге түспейді. Бірақ өзі мені де шақыратын шығар деп ойлап жүріпті. Бір күні “Мама, мен түспеймін ба?” деп сұрады. “Басқа актрисаларды қарап жатырмыз, сен түспейсің” дедім. Содан ренжіп қалды. Мен оған бүкіл шығармашылық жолымды арнамайтын шығармын. Айтпақшы, оның жасы келмеді. Содан қызымды түсіруден бас тарттым. Енді қызықты қараңыз, кастинг директоры аудиомен бірнеше актрисалардың аттарын айтты. “Бәрі кастингке келсін” деп жауап бердім. Бір кезде Сараның көзі жасқа толып, орнынан тұрып кетті. Сөйтсем, директор атаған актрисалардың ішінде Сарамен құрдас қыздар да бар екен. Мен оған мән бермеппін. Басты рөлге Гүлназ бекітілді”, – деп ағынан жарылды продюсер.