БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Таразда көпбалалы аналарға «Алтын алқа», «Күміс алқа» табысталды

Таразда көпбалалы аналарға «Алтын алқа», «Күміс алқа» табысталды
Сурет: Тараз қаласы әкімдігі
Жиында 4 ана «Алтын», ал 13 ана «Күміс» алқаға ие болды

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков көпбалалы аналарға «Алтын» және «Күміс» алқаларды табыс етті. Бұл туралы қала әкімінің «Медиа орталығы» хабарлады.

Қала басшысының айтуынша,  шаһарда  халық саны жыл санап өсіп  келеді. Бүгінде тараздықтардың саны -  430 мың адамнан асып жығылған.

«Қазақстанның халық саны 20 миллионға жетіп, демографиялық дүмпуге қол жеткізіп келеміз. Бүгінгі күні Тараз қаласы тұрғындарының саны да артып, 430 мыңнан асты. Ана мен баланы қорғау мақсатында көптеген істер қолға алынып, жарқын жобалар жемісін беруде. Мұның барлығы біздің елімізде әйелдер қауымының орны биікте екенін айғақтайды»,-деді әкім.

Аналарға ризашылығын білдірген Бақытжан Орынбеков 4 анаға «Алтын», 13 анаға «Күміс» алқа табыстады. Аналар да өз кезегінде шаһар басшысына алғыс айтты

Айта кетейік, Тараз қаласы бойынша 2010-2023 жылдар аралығында жалпы 2 753 көпбалалы ана «Алтын» және 2 516 ана «Күміс» алқамен марапатталған.

BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар