БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Ұлттық спорт – ұлт құндылығы

Ұлттық спорт – ұлт құндылығы
жеке мұрағат
Ұлттық спорт дегенде – ұлттық рух, ұлттық намыс, тарих, мәдение­ті­міз бен дәстүріміз еске түседі. Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт Ке­мелұлы Тоқаевтың тікелей қол­дауы­мен соңғы жылдары елімізде ұлт­тық спорт түрлері қарқынды да­мып келеді.

       Расында бүгінгі жастардың мемлекет қамын ойлайтын ертеңгі ел ағалары еке­нін ескерсек, олардың азаматтық санасы бүгіннен бастап ұлттық болмыспен ұш­таса дамуы керек. Осы мақсатты іске асыру үшін ұлттық мәдени мұраның озық үлгілерінің бірі болып табылатын ұлт­тық ойындарды орта мектеп бағ­дар­ламасына енгізілуі – болашақ ұрпақ үшін ең ұтымды шешім болды десек қателеспейміз.  

   Ұлттық ойындардың ішіндегі біз үшін аса танымалы – асық ойыны. Ол – қазақ халқының дәстүрлі ұлт­тық ойындарының ең қызықты, әрі кең тараған түрі. Сондықтан ғасыр бойы ха­лықтың зердесінде сақталып келген осы бір қызықты ойынды өскелең ұр­пақты тәрбиелеудің тиімді құралы ре­тін­де ұтымды пайдаланған жөн. Асық ойы­нын 3-4 жастағы баладан қарияға дейін ойнай алады. Асық ойнаған бала жылдамдық пен ептілікті, шыдамдылық пен сабырлықты, тәртіп пен мергендікті жастайынан санасына сіңіреді. Ол ойын бола ма, әдет-ғұрып, салт-дәстүр бола ма, бәрі де адамның өзінің өскен ортасына сай, жан-жақты жетілген азамат болуына көмектеседі. Біріншіден, ол достық пен сыйластыққа, бірін-бірі қадірлеуге, ұйым­шылдыққа, тәртіпке үйретсе, екіншіден көз мергендігіне, қол мергендігіне үйреткен.

   Халықтық педагогиканың ең бір көне тиімді құралдарының біріне «Қазақ күресі», «Тоғызқұмалақ», «Асық ату» жатады. Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді. Сөйтіп, өзінің өмірден байқағандарын іске асырып, адамдардың іс-әрекетіне еліктейді. Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды от­басылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаң­ғыртады. Ойын дегеніміз – адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра оты­рып ойдан-ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат біті­ретін ғажайып нәрсе. Демек, шәкірттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы жетіле түседі. Мамандар оқу үрдісінде ұлттық ойын элементтерін пай­далану сабақтың тақырыбы мен маз­мұнына сай алынатынын, сонда ғана оның танымдық, тәрбиелік маңызы арта түсе­тінін қаперге салуда. Шынында ойын­­ның тәрбиелік маңызы зор. Ол бабаларымыздың асыл қазыналарына деген көзқарасын құрметтеуге, сөз әсем­дігін сезінуге үйретеді. Халқымыздың ұлы перзенті, аса көрнекті жазушы М.Әуезов «Біздің халқымыздың өмір кеш­кен ұзақ жылдарында өздері қы­зықтаған алуан өнері бар ғой. Ойын деген менің түсінуімше көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған» деп тегін айтпаса ке­рек. М.Жұмабаев ойындарды халық мә­дениетінен бастау алар қайнар көзі, ойлау қабілетінің өсу қажеттілігі, тілдің, дене шынықтыру тәрбиесінің негізгі эле­­менті деп тұжырымдайды. Кеңес Ода­ғы кезіндегі ұлттық ойындардың ма­ңызы мен қажеттілігін көрегендікпен қа­растырған ғалым Б.Төтенаев «Қазақтың ұлттық ойындары» атты еңбегінде қа­зақ ойындарын бірнеше топқа бөліп, ойын шарттарын жазып, жастар үшін тәр­биелік мәнін зерделеп, ойын білдірген.

Сабақта және тәрбиеде ұлттық ойынды ұтымды пайдаланса, алдымен еңбекке бау­лу және дене шынықтыру пәндерінде оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру шарттары теориялық тұрғыдан негізделсе, онда оқу­шылардың білімге деген құштарлығын арт­тыруға және халықтың асыл мұ­ра­сын бойына сіңіріп, ұлттық сананы қалыптастыруға болады» деп ұтымды зерттеулер жасаған. Міне, қазақтың ұлт­тық ойынының сабақ кестесіне енуі­нің маңызын өткен ғасырдың өзінде ой­шыл азаматтар, ғұлама жазушылар өз еңбектерінде талдап, түсіндіріп кеткен. Ұлттық сананы сауықтыратын ойындар оқу­шылардың міндетті оқу процесіне енсе, одан ұтпасақ, ұтылмасымыз анық. Себебі ойын – ұлттық педагогиканың ажырамас бөлігі.

   Біздің облыстық «Дарын» лицей-интернатында да балаларды ұлттық рух­та тәрбиелеуге атсалысып, ұстаздар бұл бағытта жұмыла жұмыс жасап жүр.Нәтижесінде, шәкірттеріміз облыс, республика деңгейіндегі байқаулардан жүлделі болып, білім ордасының абыройын асқақтатуда.

 

 

«Дарын» лицей- интернатының

дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі

Сағынғали Сабралиев

 

BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар