Олар осылайша республикалық «Таза Қазақстан» акциясына өз үлестерін қосуда.
Тараз қаласы білім бөлімінің техникалық шығармашылық орталығының 600-ден астам тәрбиеленушісі қоқыс қалдықтарынан қолөнер бұйымдарын жасауды қолға алған.
Орталық тәрбиеленушілері У.Распутина, Д.Аманкосова, Б.Қуатбек, З.Джукенова сынды тәжірибелі жетекшілерімен бірге жиналған қоқыс қалдықтарынан түрлі картиналар, қуыршақтар мен түрлі ыдыстар жасап шығаруда. Атап айтқанда, пластикалық бөтелкелер, пайдаланылған картон қағаздары, жүн, мата, киіз, тері заттарынан 200-ден астам шығармашылық жұмыстарын ұсынған.
Айта кетейік, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталғаннан бері 1770 сенбілік өткізіліп, 220 мың адам тартылды. Нәтижесінде 60 тарихи-мәдени ескерткіш, 143 саябақ пен скверлер, 816,6 шақырым каналдар мен арықтар, 3,1 мың шақырым көше мен 109,1 мың аулалар қоқыстардан тазартылып, 11,4 мың қоқыс шығарылды. 60 мыңға жуық көшет отырғызылып, 49 субұрқақ іске қосылған. 2024 жылға абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстарына жалпы 10,3 млрд. теңге қарастырылған.