БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Түркістандағы кесене маңында алапат өрт болды

Түркістандағы кесене маңында алапат өрт болды
caption
Түркістандағы кесене маңында алапат өрт болды
Түркістанда кесене маңында алапат өрт болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазнетте жанып жатқан мейрамхананың видеосы тарады. Желі қолданушылары өрт "Керуен-сарай" аумағында басталғанын жазып жатыр. Бірақ Түркістан облысының әкімдігі ақпаратты жоққа шығарды. Жергілікті биліктің мәліметінше, өрт "Керуен-сарайда" емес, Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің маңында болған.
"16 маусымда сағат 11.48-де Түркістанда "Әзірет-Сұлтан" қорық мұражайының қорғалатын аумағынан тыс орналасқан екі қабатты "Жеті тандыр" кафесінің 2-қабатынан өрт шықты. Өрт басталғаннан алты минут өткен соң ТЖД-ның алғашқы қызметкерлері келді. Қазіргі уақытта өрт сөндірілді, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Айта кетейік, кафенің "Керуен сарай" ойын-сауық кешеніне қатысы жоқ", - деді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов.
 /> <img src=
BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар