БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

"Тек Қазақстан құрамасы ғана мемлекеттік рәміздерсіз болған жоқ"- ҚШФ

"Тек Қазақстан құрамасы ғана мемлекеттік рәміздерсіз болған жоқ"- ҚШФ
caption
"Тек Қазақстан құрамасы ғана мемлекеттік рәміздерсіз болған жоқ"- ҚШФ

Қазақстан Шахмат федерациясының баспасөз қызметі халықаралық олимпиаданың ашылу салтанатына ел құрамасының неліктен мемлекеттік тусыз шыққанын түсіндірді.

Баспасөз өкілдерінің айтуынша, бұған дейін өткен Олимпиадада спортшылардың шеруі дайындықтан өтпеген. Ереже бойынша көк байрақ қатысушыларды марапаттау кезінде олимпиаданың жабылу салтанатында ғана қажет болады. "Биыл ұйымдастырушылар мұндай мүмкіндік беруді ұйғарған, бірақ делегацияларды тиісті деңгейде хабардар етпеді. Мына жайтты атап өткіміз келеді, тек Қазақстан құрамасы ғана мемлекеттік рәміздерсіз болған жоқ. Құрама өкілдерінің жартысынан көбі ескертусіз шығып кетті, ал кейбіреулері шеруге мүлдем келмеген", - деп мәлімдеді Федерация. Еске салайық, қазір Үндістанның Чаннай қаласында өтіп жатқан халықаралық шахмат Олимпиадасында Қазақстан құрамасы шеруге мемлекеттік тусыз шыққан еді. Бұл туралы алғаш шахматшы Бибісара Асаубаеваның анасы Лиана Таңжарықова хабарлады. Таңжарықованың айтуынша, Олимпиаданың ашылу салтанатының соңында 186 ұлттық құрама туын көтеріп, шерулеткен. Тек Қазақстан құрамасы тусыз қалған. Бұл оқиға қазақстандықтардың үлкен сынына ұшырады. Желіде пікір жазған оқырмандар "Басшылық жазалансын", "Патриоттық сезімнен жұрдай" деген ойларын қалдырған.    
BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар