Контентке өту

Астанада Владимир Путинді салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

Астанада Владимир Путинді салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
ашық дерек

Тәуелсіздік сарайында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинді салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Мәртебелі мейманды Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзі күтіп алды. Рәсім жоғары деңгейде ұйымдастырылып, екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің маңызын көрсетті.

Владимир Путиннің құрметіне Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің әскери ұшақтары көкке Ресей туының түстерін бейнелейтін ақ, көк және қызыл жолақтар қалдырды.

Одан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Салтанатты рәсім барысында Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, Қазақстан мен Ресейдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды.

Айта кетейік, Ресей президентінің мемлекеттік сапары аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтіп, бірқатар маңызды екіжақты құжаттарға қол қою жоспарланып отыр.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты