Контентке өту

Мемлекет басшысы:Елге қорған болу – ең абыройлы қызмет

Мемлекет басшысы:Елге қорған болу – ең абыройлы қызмет
ашық дерек

Қасым-Жомарт Тоқаев күштік құрылым қызметкерлерінің еңбегін жоғары бағалап, Отанға қызмет ету – ең үлкен мәртебе екенін айтты, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Президент халқымызда «Батыр елі үшін туады» деген нақыл сөз бар екенін айтып, ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы қызметтің аса жауапты әрі құрметті міндет екенін атап өтті.

– Халқымызда «Батыр елі үшін туады» деген сөз бар. Елге қорған болу – ең абыройлы қызмет. Нағыз патриот азамат үшін бұдан асқан мәртебе жоқ, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы күштік құрылымдар қызметкерлерінің күнделікті еңбегі ерлікпен пара-пар екенін жеткізді.

– Күштік құрылым қызметкерлерінің күнделікті табанды еңбегі ел үшін жасалған ерлік екені сөзсіз. Сіздер әрқайсыңыз сертке берік болып, Отан алдындағы міндеттеріңізді мінсіз орындап жүрсіздер, – деді Президент.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев әскери атақтар мен сыныптық шендер беру туралы Жарлыққа қол қойғанын және бірқатар азаматтың жоғары мемлекеттік наградалармен марапатталғанын хабарлады.

Президент марапат иелерін құттықтап, олардың жастарға үлгі болатынына сенім білдірді.

– Өскелең ұрпақ сіздерге қарап бой түзейді, туған елге адал болуды үйренеді. Сіздер жастарға үлгі болып, әрдайым ұлт мүддесіне қызмет ете бересіздер деп сенемін. Айбынды армиямыздың абыройы арта берсін! – деді Мемлекет басшысы.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты