Контентке өту

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған Қожа Ахмет Ясауи атындағы мектептің ашылуына қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған Қожа Ахмет Ясауи атындағы мектептің ашылуына қатысты
ашық дерек

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған бейнебайланыс арқылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы мектептің ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Жаңа білім беру нысаны Газиантеп провинциясының Нурдагы қаласында орналасқан. Заманауи мектепте 32 бастауыш сынып пен 4 мектепке дейінгі сынып қарастырылған. Ғимараттың жалпы аумағы 6 мың шаршы метрді құрайды.

Білім ордасы арнайы оқу кабинеттерімен, зертханалармен, мәжіліс залымен және кітапханамен толық жабдықталған. Сонымен қатар мектеп аумағында амфитеатр, спорт және балалар ойын алаңдары, қазақтың ұлттық киіз үйі үлгісінде жасалған шатырлар салынған.

Құрылыс барысында жоба Түркияның қазіргі қауіпсіздік талаптары мен құрылыс нормаларына сай жетілдірілген. Өңірдің ерекшелігі ескеріліп, инженерлік шешімдер арқылы сейсмикалық қауіпсіздік, ылғалдан қорғау және жылу үнемдеу жүйелері енгізілген.

Айта кетейік, Газиантеп провинциясында 2023 жылғы 6 ақпанда болған жойқын жер сілкінісінен кейін жаңа мектеп салу бастамасын Қасым-Жомарт Тоқаев көтерген болатын.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты