Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстан мен Ресейдің Мәңгі достық аллеясында емен көшетін отырғызды, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Емен ағашы екі мемлекет арасындағы өзара құрметтің, берік достықтың және жан-жақты ынтымақтастықтың символы ретінде егілді.
Бұл рәсім Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды одан әрі нығайтуға бағытталған маңызды оқиғалардың бірі болды.
Айта кетейік, екі ел басшыларының кездесуі аясында саяси, экономикалық, мәдени-гуманитарлық және энергетика салаларындағы бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылған болатын.