Әмина Ердоған Астанаға сапары аясында елордадағы танымал сауда орталықтарының бірін аралады. Бұл сәттен түсірілген суреттер әлеуметтік желілерде кеңінен тарап, көпшілік арасында қызу талқыланды, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Куәгерлердің айтуынша, Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның жұбайы сауда орталығындағы дүкендерді аралап, жергілікті өнімдермен танысқан. Әсіресе азық-түлік, бал, кептірілген жеміс-жидек және ұлттық өнімдер қойылған бөлімдерге ерекше назар аударғаны айтылды.
Сондай-ақ Әмина Ердоғанды күзет қызметкерлері бірге алып жүрген. Ал сауда орталығының автотұрағында бірнеше көліктен тұратын кортеж күтіп тұрғаны байқалған.
Бұдан бөлек, Түркияның бірінші ханымы Астанадағы жоғары оқу орындарының бірінде қалдықтарды басқару зертханасының ашылуына қатысып, экологиялық жобалармен танысты.
Айта кетейік, Әмина Ердоған экология, білім және әлеуметтік бағыттағы бастамаларға белсенді қолдау көрсетіп келеді.