95 жастағы Петропавлдық қария өзін жарып жібергісі келді
- author BAQ-Orda
- 24 мамыр, 2024
- 172

Петропавлда өзін газ баллонымен жарып жіберген зейнеткердің жағдайы белгілі болды. Бұл туралы baq orda ақпарат агенттігі хабарлайды.
Петропавлда 95 жастағы қарт әйелімен жанжалдасып, үйді жарып жіберген. Бүгін оның денесінің 60%-ын күйік шалып, жағдайы өте ауыр екені белгілі болды.
“Екінші дәрежелі күйік алған. Беті мен мойны, жамбасы мен саны, шап аймағы, қолы мен жауырыны, білегі күйген. Жағдайы өте ауыр деп бағаланды. Оның үстіне науқастың жасы да үлкен”, – деді Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Гүлнәр Сайлау.
Облыстық полиция департаменті бұл факті бойынша "Өзін-өзі өлтіруге итермелеу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Еске салсақ, Петропавлда 95 жастағы зейнеткер әйелімен жанжалдасқан соң өзін жарып жібергені айтылды.
Ұқсас жаңалықтар
Нұрсұлтан Жақсыген бұрынғы жарына жазған хаты желіні шулатты
- авторBAQ-Orda
- 26 ақпан, 2025
"Әлі 5 бала туамын!" Сабина Алтынбекова аналық бақыт туралы айтты
- авторBAQ-Orda
- 26 ақпан, 2025