БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Жамбыл облысында көліктерді алаяқтықпен иемденген күдікті анықталды

Жамбыл облысында көліктерді алаяқтықпен иемденген күдікті анықталды
Фото: Polisia.kz
Бұл туралы Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Жамбыл облысында көліктерді алаяқтықпен иемденген күдікті анықталды, – деп хабарлайды baq-orda.kz

Тараз қаласы Полиция басқармасына облыс орталығының 32 жастағы тұрғыны танысының алдап және сенімді теріс пайдалану арқылы 8 бірлік Toyota Camry маркалы автокөлігін иемденіп алғаны туралы арызбен жүгінді.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Тергеу барысында осы қылмысқа Тараз қаласының 30 жастағы тұрғынының қатысы бар екені анықталды.
Жүргізілген жедел-тергеу шараларының нәтижесінде Toyota Camry маркалы 5 көлік табылып, тәркіленді.

2025 жылғы 10 ақпанда қылмыстық іс ҚР ҚПК-нің 300-бабына сәйкес аяқталып, облыстық прокуратураға жолданды. ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жария етуге жатпайды.

BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар