Жаңалықтар
Қытай Жамбыл облысында жүгеріден натрий глутаматын өндіретін зауыт салуды жоспарлап отыр
- author BAQ-Orda
- 20 ақпан, 2025
- 97

Қазақстанға шетелдік инвестиция тарту бойынша жұмыстар жалғасуда. Премьер-министр Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен кеңесте инвесторлардың еліміздегі жобалары қаралды, деп хабарлайды Baq-Orda.kz.
Кеңес барысында белгілі болғандай, Қытайдың ірі агроөнеркәсіптік компаниясы Жамбыл облысында жүгеріні терең өңдеу арқылы натрий глутаматын өндіретін зауыт салуды жоспарлап отыр. Жобаның жалпы құны 350 млн доллар деп бағалануда.
Сонымен қатар, биыл Ақмола облысында шетелдік инвесторлардың қатысуымен бидайды терең өңдеу кешенінің құрылысы басталады. Бұл жобаға 650 млн доллар инвестиция құю жоспарланған.
Үкімет шетелдік инвестиция тарту арқылы елдегі өндіріс көлемін арттырып, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуді дамытуды көздеп отыр.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Нұрсұлтан Жақсыген бұрынғы жарына жазған хаты желіні шулатты
- авторBAQ-Orda
- 26 ақпан, 2025
Жаңалықтар
"Әлі 5 бала туамын!" Сабина Алтынбекова аналық бақыт туралы айтты
- авторBAQ-Orda
- 26 ақпан, 2025