Контентке өту

Айдана Меденова ерекше жанкүйерінің арманын орындады

Айдана Меденова ерекше жанкүйерінің арманын орындады
ашық дерек

Танымал әнші Айдана Меденова ерекше әсерлі оқиғамен көпшіліктің жүрегін елжіретті. Ол Алматыдағы Арбатта өзінің әндерін жиі орындайтын ерекше жанкүйерімен арнайы кездесіп, оның арманын жүзеге асырды, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Бұл кездесу туралы әншіге әлеуметтік желі қолданушылары хабарлап, талантты қызбен жүздесуді өтінген. Өнер иесі бұл ұсынысты қабыл алып, жанкүйерімен танысуға өзі барған. Кездесуге дайындалған ол қызға гүл шоғын және арнайы сыйлықтарын ала барғанын да жасырмады.

Арбада отырған Ақерке есімді қыз күтпеген кездесуге қатты толқып, қуаныштан көзіне жас алған. Әнші мен оның жанкүйері бірге Менімен биле әнін орындап, көпшілікті тебіренткен әсерлі дуэт ұсынды.

Бұл сәтті көрген жұртшылық әншінің қарапайымдылығы мен шынайылығына жоғары баға беріп, жылы лебіздерін жаудырды. Әлеуметтік желіде тараған видео көптің көңілін босатып, нағыз адамгершілік пен жанашырлықтың көрінісі ретінде қабылданды.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты