Контентке өту

Әйелінің карточкасына “Ғарыш кемесі” мөрін бастырып қайтқан

Әйелінің карточкасына “Ғарыш кемесі” мөрін бастырып қайтқан
ашық дерек

Тоқтар Әубәкіров “Қайырлы кеш” бағдарламасына берген сұхбатында ғарышқа сапар кезінде өзімен бірге ерекше заттар алып барғанын айтты, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Тұңғыш қазақ ғарышкерінің сөзінше, ол ғарышқа Құран сүрелерін, Қорқыт ата жатқан жерден алынған топырақты және жарының карточкасын жасырын түрде алып кеткен.

“Арнайы қапшық жасатып, Қорқыт атамыздың жерінен топырақ салып алдым. Ешкімге айтпай, әйелімнің карточкасын да алып кеттім. Кейін келген соң оған “Сен де ғарышта болдың” дедім. Карточкасында “Ғарыш кемесі” деген мөр басылып тұрды”, – деп еске алды ғарышкер.

Айта кетейік, Тоқтар Әубәкіров 1991 жылдың 2 қазанында “Союз ТМ-13” ғарыш кемесімен ғарышқа ұшқан. Ол орбитада шамамен 8 тәулік болып, ғылыми тәжірибелер жүргізді. Сонымен қатар, ол Кеңес Одағы тарихындағы 72-ғарышкер және тәуелсіз Қазақстанның алғашқы ғарышкері ретінде тарихта қалды.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты